Дубайдың мұрагер ханзадасы Криштиану Роналдомен түскен фотосын жариялады

Дубайдың мұрагер ханзадасы Криштиану Роналдомен түскен фотосын жариялады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дубай қаласының мұрагер ханзадасы Хамдан бин Мұхаммед Әл Мактум өзінің Instagram парақшасына футболдан әлемдік жұлдыз атанған португалдық Криштиану Роналдомен бірге түскен фотосын жариялаған.

Аталмыш фото футболшының Globe Soccer Awards салтанатты рәсіміне қатысу үшін Дубай қаласына келген кезінде жасалған. Бұл салтанатты рәсімде Криштиану Роналдоға  «2018 жылдың үздік футболшысы» деген жүлде табыс етілді.

Ханзада Хамдан суреттің астына: «Тамаша ойыншы әрі керемет дос» деген жазба қалдырыпты.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда Дубай қаласында Globe Soccer Awards салтанатты рәсімі өтті. Беделді марапат Еуропалық клубтар қауымдастығымен және Еуропалық футбол агенттері қауымдастығымен тағайындалған. 

 asyldin.kz


Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқандай: «Жаратушы бұйрығы тұрғанда, жаратылғанның бұйрығы жоқ».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: