Мұсылман-конгрессмен Құранмен ант берді

Мұсылман-конгрессмен Құранмен ант берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сомали тумасы Ильхан Омар палестиналық Рашида Тлаибпен қатар АҚШ-тың бірінші мұсылман-конгрессмені болды әрі 1995 жылы оның атасы АҚШ-қа келгенде өзімен бірге ала келген Құранды ұстап тұрып ант берді.

Twitter парақшасына Омар оның саясатқа деген қызығушылығын оятқан жан - атасы екендігін көрсеткен.

«Балалық шағымда партия съезіне атамның аудармашысы ретінде қатысатынмын. Салтанатты рәсімде мен Құранды ұстап тұрып ант бердім және де атамның рұхы қасымда болды деп есептеймін», - деген жазба қалдырған екен Ильхан Омар.

Айта кету керек, жуырда белгілі болғандай, демократтар мұсылман қыз-келіншектердің бас орамалмен жұмысқа емін-еркін келіп-кетуі үшін, 1837 жылы Конгресс қабырғасында бас киім киюге салынған тыйымды алып тастауға ниетті екендіктерін білдірген.

 asyldin.kz


Құранның  «Ахзаб» сүресінде былай делінген: «Ей, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және имандылардың әйелдеріне айт: жаулықтарын үстеріне түсіріп жапсын. Бұл олардың танылуына жақын. Сөйтіп олар қорлыққа ұшырамайды. Әрі Алла өте Кешірімді, ерекше Мейірімді! » (33: 59).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: