Хижаб - сәнді бренд жарнамалық кампания бөлігіне айналды

Хижаб - сәнді бренд жарнамалық кампания бөлігіне айналды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Gap киім-кешегінің америкалық ірі ритейлері көпшілікті қуантып әрі тәнті еткен жаңа жарнамалық кампанияны көпшілік назарына ұсынды.

Мұсылман орамалын тағынған кішкене қыз - «Жуырда мектепке» деп аталатын балалар топтамасына арналған жарнамаға түскен.  

Мәлім болғандай, жарнамаға Нью-Йорк мектеп оқушылары қатысқан. Жарнамада балалар би билеп, өлең айтып, көңіл көтеруде.

Бір айта кететін жай – жарнамаға қатысқан балалардың ұлты да, нәсілдері де әртүрлі, ал фотоның ортасында басына орамал таққан, үстінде джинсы костюмі бар балауса мұсылман қыз тұр.

Ғаламтор қолданушылары аталмыш жарнамалық кампаниядан тәнті екендіктерін білдіріп жатыр. Олардың пікірінше, сән брендтері өздерінің әлеуетті клиенттерінің мәдени әртүрлілігін енді жете түсініп, бағалай бастауда.

asyldin.kz


«Әрі үйлеріңде отырыңдар және алдыңғы (исламға дейінгі) надандық кезеңінде ашық жүрген секілді ашылмаңдар (көріктеріңді ашпаңдар)» («Әл-Ахзаб» сүресі, 33)

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: