Егер Жәннатқа кіріп жатсаңдар мен туралы сұрастырыңдаршы

Егер Жәннатқа кіріп жатсаңдар мен туралы сұрастырыңдаршы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : "Анығында Жәннаттықтар Жәннатқа кірген кезде бұл дүниеде сауапты істердің басында бірге болған достарын таппай: "Иә Алла бізбен бірге Өзіңе құлшылық еткен әрі ораза ұстаған бауырларымыз мұнда көрінбейді" деп тіл қатады. Сол кезде Алла тағала: "Тозаққа барыңдар да ондағы жүрегінде шаңның тозаңындай болса да иманы бар достарыңды алып шығыңдар" дейді" -деген.

Осы xадиске байланысты Хасан әл-Басри р.а: "Иман келтірген достарыңыз көп болсын, анығында олар қиямет күні сендердің шапағатшыларың" деген екен.

Ал ғұлама Ибн аль-Джаузи р.а осы xадисті шәкірттеріне оқып отырып: "Егер мені Жәннаттан таппасаңдар : "Иә Алла Сенің пәленше деген құлың бізге Өзің туралы еске салатын" деп сұраңдаршы" дейді де жылап жібереді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: