Жүректі өлтіретін 4 нәрсе

Жүректі өлтіретін 4 нәрсе

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хадистердің бірінде келтірілгендей, жүрек – бұл сондай ағза, оның саулығына тән саулығы байланысты. Жүрек – өтірік пен шындықты, иман мен уәждемені айыра білудің орны. Мүмін адамға өз жүрегін таза әрі сау ұстағаны маңызды. Сол себепті де, ең алдымен, жүректі ненің «өлтіретінін» білгеніміз жөн. Хадистерде айтылғандай, жүректі әлсірететін әрі өлтіретін төрт нәрсе бар. Олар: тамақтануда шектен шығу, шектен шыққан күлкі, шектен шыға сөйлеу, шектен шықан қылықтар. Төменде осы айтылған төрт нәрсені толықтай қарасытырып өтеміз.

Тамақтануда шектен шығу

Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан: «...Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді» (7:31).

Тамақтануда шектен шығу – тақуалардың көптеген оқиғаларында және хадистерде келтірілгендей, дінді ұмытып, одан алыстаудың себебі ретінде көрсетілген. Мысалы үшін, хадистердің бірінде былай айтылған: «Шектен шыға ішіп-жеумен жүректеріңді өлтірмеңдер, асылында, артық судан егістің өліп қалатынындай жүректер де артық тамақтанудан өледі» (Тирмизи).

Шектен шыққан күлкі

Біздің асыл дінімізде күлкіге де, әзіл-қажыңға да шек қойылмаған, тек бұлардың шектен шығуы, яғни, шектен шыққан күлкі мен әзіл-қалжың жүректердің өлуіне әкеліп соғады деп көрсетілген. Сенімді хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Аса көп күлмеңдер, өйткені шектен шыққан күлкі жүректі өлтіреді» (Бұхари, Тирмизи, ибн Маджа).

Басқа бір нұсқада бұл хадистің мынадай жалғасы бар: «…асылында, шектен шыққан күлкі – жүректі өлтіріп, жүздің нұрын кетіреді», ал басқа бір нұсқада: «асылында, шектен шыққан күлкі жүректі бұзады», - деп келтірілген (Байхаки, Шуаб әл-иман).

Имам әл-Мунауи жүректің рухани өлуіне анағұрлым толық түсініктеме береді. Әр түрлі имамдардың пікірлеріне сілтеме жасай отырып, ол былай айтқан: «Шектен шыққан күлкі жүректің қатаюына әкеліп соғады, ал жүректің қатаюы, өз кезегінде, бейқамдыққа әкеледі, ал жүректің өлуі тек бейқамдықтан ғана болатын нәрсе. Күлуге әдеттену маңызды нәрселерді ойлаудан алыстатады, көп күлетін адамның сүйсінер бір қылығы болмайды әрі оған деген құрмет сезімін тудырмайды. Күлуге әдеттенген адамның маңызды немесе құнды ойлары болмайды.

Шектен шыққан күлкі мен бұл дүние тіршілігіне құмарту – қан тамырда жүретін өлтіруші у болып табылады, бұл Алла Тағала алдындағы жазалану қорқынышын, өз күнәлары үшін уайымды, өлім мен Қиямет күнінінің үрейін жүректен алып тастайды, міне, жүректің өлуі деген осы.

«Олар, дүние тіршілігіне мәз болды. Негізінде дүние тіршілігі; ақыреттің жанында тек қана бір күн көріс» (13:26).

Шектен шыға сөйлеу

Хадисте айтылғандай, тіл – сондай бір ағза, тіл үшін адамдардың басым көпшілігі қатты жазаланатын болады. Осы шығынға ұшырататын бастапқы қадам – Алла Тағаланы еске алмай шектен шыға көп сөйлеу. Ат-Тирмизи келтірген хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Алланы еске алмай көп сөйлемеңдер, өйткені Алланы еске алмай көп сөйлегеннен жүрек қатаяды, ал Алладан ең алысы – ол қатыгез жүрегі бар адам».

Шектен шыққан қылықтар

Әрбір адам қателеседі, жағымсыз қылықтар жасайды, алайда кімде-кім жаман қылықтарын жасауын қоймай, түзелгісі келіп, тәубесіне келмесе, міне, сол адамның жүрегі рухани түрде өлетін болады. Әбу Хурайра (р.а.) келтірген хадисте былай айтылған:

«Егер адам күнә жасаса, оның жүрегінде қара нүкте пайда болады. Күнәдан бас тарту, жасаған күнәсі үшін тәубесіне келіп, Алла Тағаладан шынайы түрде кешірім сұраса – оның жүрегіндегі қара нүкте кетеді. Егер адам күнәсін қайталай беретін болса, қара нүкте оның жүрегін толықтай жауып тастағанша үлкейе береді. Міне, Құранда Алла Тағала осы туралы айтқан болатын» (Ахмад, Тирмизи, ан-Насаи).

Ғалым Хасан әл-Басри, адамның өз басына байланысты болатын қатаю мен адамның бағынбауына байланысты Алланың қалауымен болатын мөрлеудің айырмашылығы жөнінде былай айтқан: «Ар-ран» — күнәның көп мәрте жасалғандығы сондай, жүрек одан қарайып, зағип халге түседі. Ал «ат-тоб» (жүректің мөрленуі) – бұл анағұрлым қорқынышты нәрсе».

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: