Әр адамның өз шайтаны бар деген рас па?

Әр адамның өз шайтаны бар деген рас па?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл мақалада біз адам баласы шыр етіп бұл дүние есігін ашқан сәттен бастап, оның өз шайтаны болады деген ұғым қаншалықты  шындыққа жанасатындығын қарастыратын боламыз.

Бұл жарық дүниеге келген әрбір жан баласының жүрегін шайтан жаулап алуға тырысады. Мұның бәрі – өмірдің кез-келген сәтінде әркімді болсын хақ жолдан тайдыруға тырысатын әлдебір ескерту болып табылады.

Ана құрсағынан шыға салған сәбиге шайтанның жанасатыны хақ. Ол туралы хадистерде келтірілген.

1) Әбу Хурайра (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген:

«Туа салғанда оған шайтан жанаспайтын бірде бір Адамның баласы жоқ! Жаңа туа салған сәбидің жылауы оған шайтанның жанасуынан болады, тек Мәриям мен оның ұлының жағдайы басқа».

2) Ал басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:

«Қасынан қалмайтын періште мен шайтан түсірілмеген бірде бір Адам баласы жоқ».

Алла Елшісінен (ﷺ): "Сіздің де қасыңызда бар ма, уа, Алла Елшісі?» - деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (ﷺ): «Менің де қасымда бар, алайда бұл турасынан Алла Тағала маған көмек берді де нәпсім маған «бойұсынды». Енді ол маған тек жақсы дүниелерді ғана бұйырады!» - деп жауап берген екен (Мүслим, «Мұнафиқун», 69, 2814).

Шайтан адам баласын кішкене күндерінен бастап өз дегеніне айдап салып отыратын болады, бірақ бұған балалар кінәлы емес, олар бұл қылықтары үшін жауап бермейді. Балалық шағынан бастап-ақ балалар оларды үлкен өмірде алдарынан күтіп тұрған сынақтарға дайындалады, ал бұл істегі олардың көмекшілері – ата-аналары. Өз кезегінде, ата-аналары балаларын біздің асыл дініміз исламның негіздеріне баулып, дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп отырулары тиіс. Сонымен қатар, лағынет айтылған шайтанның құрған тұзақтарынан сақтану үшін әрбір адам баласы шынайы дұғаға мұқтаж. Жер бетіндегі адамның өмірі – тұнып тұрған сынақ. Осы сынақтардан сүрінбей, лайықты түрде өтуге бізге Алла Тағала жар болсын! Әмин!

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: