Бала тәрбиесіндегі басты 9 қателік

Бала тәрбиесіндегі басты 9 қателік

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хадистердің бірінде келтірілгендей, ата-ананың балаға берер ең жақсы нәрсесі – тәрбие. Жақсы тәрбие дегеніміз не? Ол ақыл айту немесе үрей тудыру ма? Әлде сес көрсету мен қатал жазалау ма? Жоқ. Тәрбие – сөзден анағұрлым өзгеше нәрсе.

Сөзден гөрі, ата-ана өз үлгісімен, өз қарым-қатынасымен баланы үйрете алады. Ата-ананың нақты бір қылықтары еріксіз түрде бала бойында әлдебір қылықтардың негізін қалап қояды. Өз қылықтарының балаға қалай әсер етіп жатқанын байқамаған ата-ана еріксіз түрде жағымсыз болып шығатын бала бойындағы қылықтардың «салушысы» болып шыға келеді. Осындай тәрбиенің бірнеше қағидаларын қарастырып өтейік:

1. Баланың тұйық болып өсуі мүмкін, егер… ата-ана көбіне «түймедейді түйедей етіп отырса».

Баланың ойынша, кіші-гірім дүниеге ата-ана тарапынан болатын шектен шығар реакция – оның бойында қауіп тудыратын болады. Сол себепті оған өзінің және ата-анасының эмоционалдық тыныштығын сақтау үшін болған жайды жасырып қоюы жеңілірек болады.

2. Бала алдауы мүмкін, егер... ата-анасы әлдебір жағымсыз қылықтары үшін оған қатты ұрсатын болса.

Бала тұрмақ, ересек адамның өзі де қателесіп, жаңсақ қылықтар жасап жататыны рас. Бала өз қателігі үшін оны қатты жазалайтынын немесе өзін жаман бала ретінде сезіндіретінін білетін болса, келесі жолы бір қателік жасап қойғанда ол «өліп бара жатса да» шындығын жасырып, өтірік айтатын болады, өйткені «ащы» шындық бағасының қандай екенін ол біледі ғой.

3. Балада үрей немесе өзін қорғап қалу тілегі болмайды, егер… ата-анасы немесе ересектер оны елдің көзінше жерден алып, жерге салар болса не болмаса қатаң түрде ескерту жасар болса.

Тәрбиелеу жосықтарын баланың тіпті жақын достары мен туыстарының көзінше жасауға болмайды. Бұл баланы қорғансыз болып сезінуге мәжбүрлейді. Бала өзін ренжіткендерге жауап беріп, өзін қорғай алмай қалады. Мінез-құлық, әдеп сияқты жеңіл тимейтін дүниелерді оңаша жерде баламен жеке сөйлесу арқылы жөнге салу керек.

4. Бала үрейленгіш немесе қорқақтық танытуы мүмкін, егер… ата-ана балаға қатысты өздерін қорқақтап ұстайтын болса. Мысалы үшін, егер олар баланың қайда кетіп бара жатқанын, немен айналысып жүргенін, кіммен ойнап, нені түрткілеп жүргенін жіті қадағалап отыратын болса.

Үнемі қауіпті бір нәрсе орын алар деп жүретін ата-ананың үрейі балаға қорқыныш түрінде беріледі. Мұндай көзқараста кіші-гірім өзгерістердің өздері де қорқынышпен қабылданатын болады. Мұндай кезде ата-ана балаға «өмірді танып-білуі» үшін көбірек кеңістік қалдыруы тиіс.

5. Егер бала өзгелердің сезімдерін сыйламайтын болса, онда… ата-ана балаға жиі бұйырып сөйлеп, оның пікіріне құлақ аспайтын болғаны.

Оның сезімдеріне деген құрметсіздік өзгелердің сезімдерін сыйламауға әкеліп соғады, еш ғажабы жоқ, бұл тізбектеліп кететін жайт.

6. Егер бала өзін бағалай алмаса, оның себебі… ата-ана балаға қолдау көрсетіп, ынталандырып отырғаннан гөрі көбіне ақыл, бағыт-бағдар беріп отыратын болғаны.

Ақыл айту мен бағыт-бағдар көрсетудегі шеткен шығушылық – бала өздігінен ешбір мәселені шеше алмайды дегенге әкеліп соғады. Өзін-өзі сыйлай білу сезімінен айырады. Сол себепті баланы сынға алып, үнемі бақылауда ұстағаннан гөрі оны жиі мақтап, қолпаштап, қолдау көрсетіп отыру қажет.

7. Егер бала жиі ашуланатын болса, онда... ата-ана оны аз мақтайтын болғаны.

Баланың жағымды қылықтарын мақтап отыру маңызды. Балаға оның бар екені үшін оны жақсы көру аса маңызды. Бұл оған күш-дем беріп әрі тыныштандыратын болады.

8. Егер бала өзгелерге қызғанышпен қарайтын болса, онда... ата-ана оның өзін немесе оның жетістіктерін басқа балалармен салыстырып отыратын болғаны.

Бұл өзгелердің жетістіктерінен асып түспеген бала жетістігінің маңызы жоқ дегенге саяды. Баланың жетістіктері болсын, қателіктері болсын – өзгелермен салыстырмай атап өту керек, әйтпесе баланы өмір бойына мазасыздыққа ұшыратып қоямыз, өйткені әрқашан одан да үздік жасайтын адам болады ғой...

 9. Егер бала дөрекі болса, оның себебі … оның маңайындағылар да дөрекі.

Балалар ата-анасының өзгелермен сөйлесу және қарым-қатынас жасау мәнерін қайталап отырады. Олар үшін ата-ана үлгі болып табылады. Баланың өзгелермен қарым-қатынасына қарап-ақ, оның отбасындағы ата-ана қарым-қатынасын түсінуге болады.

Баланың негізгі шешімдер жиынтығы бес жасына таман қалыптасады. Бұл дегеніміз, осы кезеңде жасалған ата-ана қателіктері баланың өмір бойында көрініс табатын болады. Сондықтан өзге біреудің тәрбиесін сөз етіп, біреуді жөнге салмас бұрын, ата-ана алдымен өздерін жөндеп, өз қылықтарының, сөздерінің балаға қалай әсер ететінін түсінгендері жөн.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: