Қырымда мүфти сайлауы өтті

Қырымда мүфти сайлауы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Эмирали Аблаев Қырымның мүфтиі болып келесі бес жылға сайланды. Дауыс беру Симферополде өткен алтыншы қырым татарларының құрылтайында орын алды.

Аталмыш шараға түбектің барлық аудандарынан жүздеген делегаттар қатысқан. Эмирали Аблаев жиналған делегаттардың алдында атқарылған жұмыс жөніндегі есеп беру баяндама жасады.

Дауыс беру аяқталғанда мүфтидің орынбасары Айдер Исмаилов: «Эмирали қажы Аблаев бірауыздан Қырым мұсылмандарының мүфтиі болып қайтадан сайланды», - деп жариялаған.

Айта кету керек, Аблаев 1999 жылдан бері мүфтилік қызмет атқарып келеді.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: