Дубайлық екі мұсылман күнде мыңдаған жұмысшыларды тамақтандырады

Дубайлық екі мұсылман күнде мыңдаған жұмысшыларды тамақтандырады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дубайда тұратын малавиялық кәсіпкерлер ағайынды Мұхаммед пен Имран Карим күнде 3 мыңдаған жұмысшыларды тамақтандырады. Сол үшін күнде кешкі бестің шамасында олар Kite Beach маңындағы әртүрлі құрылыс алаңдарында қызмет жасап жүрген жұмысшыларға ыстық тамақ пен салқын сусындар таратады. Екі сағат бойы олар өз қайырымдылық бастамасын жалғастыра отырып, Umm Suqeim мешітіне қарай жылжиды.

«Мешітте қызмет көрсететін меймандарымыздың арасында 12 ұлт және әртүрлі дін өкілдері бар, бізде нәсіл әрі тері түсіне қарап кемсітушілік жоқ», - деп айтқан Имран.

Бір ай ішінде ағайынды мұсылмандар 100 мыңнан астам тағам таратады. Бұл қайырымдылық бастамасы өткен жылы басталған. Одан бір жыл бұрын Имран жұмысшыларды тамақтандырумен айналысып бастап, кейін келе бұл отбасылық дәстүрге айналған. Имранның айтуына қарағанда, қайырымдылыққа жұмсалған уақыт ағайындыларға «жан тыныштығын» сыйлайды екен.

Каримовтар отбасы түгелдей тағамдарды орап, қаптауға көмектессе, ал алты ерікті адамнан тұратын команда жұмысшыларға тағамдар мен сыйлықтарды таратуға көмектеседі. Khaleej Times ресурсының мәлімдеуінше, айына бір рет ағайынды Каримдер жұмысшыларға дәрі-дәрмектер мен әжетхана бұйымдарын таратып тұрады екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: