Израиль министрі тарихта тұңғыш рет мешітке кірді

Израиль министрі тарихта тұңғыш рет мешітке кірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БАӘ-де жұмыс барысымен жүрген Израильдің мәдениет және спорт министрі Мири Регев Абу-Дабиде орналасқан Шейх Зайедтің мешітіне барды. 

«Осы бір қасиетті жерді зиярат етуім олар үшін аса маңызды болғандықтан, мешітке кіріп, иврит тілінде мешіттің келушілерге арналған кітабына жазба қалдырдым. Мен мұсылмандар мен еврейлердің арасындағы бауырмалдықты көрсетіп, бейбіт өмір қолын созғым келді», - деп атап өткен министр. Ол мұсылман ғибадатханасына бару үшін басына ақ орамал тағып, үстіне күрең абайя киіп келген.

Айта кету керек, жуырда Регев БАӘ-де дзюдодан өткен турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысқан. Алтын медальді Израиль спортшысы жеңіп алғандықтан, салтанатты рәсімде Израиль туы желбіреп, ұлттық израиль әнұраны шырқалған. Араб елінің тарихында мұндай оқиға тұңғыш рет орын алуда. Бұл көрініс қатты әсер еткен министр көзіне жас алған.  

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: