Индонезияда Құранның 4D-мұражайы ашылады

Индонезияда Құранның 4D-мұражайы ашылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Malang Times порталының мәлімдеуінше, Индонезияның Маланг қаласында ислам орталығын салу жоспарланып отыр, оның басты көрнекілігі 4D форматтағы Құран мұражайы болмақ.

Мұражайда сыртқы көріністен гөрі Қасиетті Құранның мазмұнына баса көңіл аударылатын болады. Бұл жобаға үлгі ретінде Дубай қаласында орналасқан Этихад мұражайының дизайны алынған. Құран аяттарының мазмұны мен мағынасын анағұрлым сапалы деңгейде көрсету үшін аталмыш дизайнды 4D форматта жасау жоспарланып отыр.

Индонезиядағы Құран мұражайының құрылыс жобасы 2019-2023 жылдары салынып бітеді деп көзделуде. Мұражайды қоса алғанда ислам орталығын салу үшін Индонезия үкіметі 5,56 гектар жер мен 450 млрд. рупий (29,69 млн. доллар) бөлген.

Құран мұражайын салу - Индонезия мемлекетінің үкімет бағдарламасы мен халал туризмді дамыту бағдарламасына кіреді.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: