Көпір салу сауапты іс

Көпір салу сауапты іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Табараниден жеткен хадисте: «Садақа ретінде берілген бір үзім нан Алла Тағаланың алдында Ухуд тауындай үлкейеді» - деп айтылған.

Адам  өмірден өтсе де, соңынан барып тұратын сауапты амалдарының бірі – көпір мен жол салу.

Қала маңындағы Шөлдала елді мекенінің тұрғындары осы күнге дейін көпірдің жоқтығынан каналды айналып өтуге мәжбүр болып, оқушылар мектепке кешігіп барып, бірқатар қиындықтар тудырып келген еді. 

«Зекет» қорының қолдауымен және қор өкілдерінің ұйымдастыруымен Шөлдала елді мекенінде халық игілігіне демеушілер көмегімен көпір салынды. Ағыл-тегіл ағып жатқан канал үстіне салынған екі көпірге жалпы 160 000 тенге көлемінде  қаржы жұмсалды.

Мектеп пен ауылды жалғайтын жаңа көпір әр отбасына қуаныш сыйлады, разы болған көпшілік көпір салушыларға алғыстарын айтты. 

«Кеңесхан қажы» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: