Қордай ауданының бас имамы оқушылармен кездесті

Қордай ауданының бас имамы оқушылармен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өскелең  ұрпақтың  діни   сауаттылығын арттыру     күн тақырыбынан   түспейтін маңызды мәселе. Осы маңызды істі атқару үшін №1 орта мектепте имани кездесу болып өтті. 

Кездесу тақырыбы «Жастар және дін: сұрақтар мен жауаптар» болды. Оқушылармен емін жарқын кездесуге аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Д.Жандосұлы қатысты. Дін маманы  қазіргі таңда өзекті болып отырған суицид - адамның өз-өзіне қол жұмсауы, ұрлық, кісі ақысын жеу, әлімжеттік екі дүниеде де бақытқа жеткізбейтініне баса назар аударды. Сондықтан Алла тағаланы танып, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы бізге жеткен құран кәрім кітабы мен ислам дінін дұрыс түсініп, ата-бабамыз ұстанған салттан ажырамай әрекет жасау қажеттігін алға тартты. Өйткені, қоғамда ислам атын жамылған жат ағымдардың алдауына еріп, тура жолдан тайқыған мұсылман бауырларымыз бар екенін айтты. Жиһад деген тек соғыс емес, адам бойындағы нәпсімен күресу, білім алуға талпыну екенін мәлімдеді.

Білім алу, ілімді артыру ислам дінінде ең ізгі амалдардың қатарына жататындығын тілге тиек  етіп, сондай-ақ, ата-ананы құрметтеу, ұстаздарды сыйлау, үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсету, туған-туыс, жақындарға жәрдемші болу секілді ізгі амалдар жасауға асығыңыздар, - деді бас  имам Дәуренбек Жандосұлы.  Оқушылар көкейде жүрген сауалдарын дін өкіліне қойып, толыққанды жауаптар алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: