Рәтбек қажы Нысанбайұлы «Һибатулла Тарази» мешітінде

Рәтбек қажы Нысанбайұлы «Һибатулла Тарази» мешітінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жер жәннаты Жетісу жерінен киелі Тараз өңіріне» атты Алматы облысының Жамбыл облысындағы «Рухани керуен» іс-шарасы өтіп жатыр.  

Рухани  кездесуге Рәтбек қажы Нысанбайұлы арнайы қатысқан болатын.  

Еліміздегі мұсылмандар діни басқармасының құрылуына мұрындық болып, діни ахуалдың жақсаруына бір кісідей атсалысқан Рəтбек қажы Нысанбайұлының еліміз үшін жасаған еңбегі орасан зор. Діни басқарманы ұзақ жыл басқарып, еліміздің дін саласында талай істер атқарғансол ұлы тұлға, Рәтбек қажы Нысанбайұлы бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде қонақта болып, мешіт жамағатымен, медресе шәкірттерімен кездесті. Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің мәдениеттану және дінтану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы Бейсенов Бағдат Қабдолдаұлы да мешітіміздің құрметті қонағы болып қайтты.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы Рәтбек қажыны күтіп алып, мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Мешітке жиналған қауыммен Рәтбек қажы Нысанбайұлы тұшымды сұхбаттасып, келелі әңгімесімен, жағымды уағызымен бөлісті. Мешіт басшылығына, медресе шәкірттеріне, жамағатқа ақ батасын беріп, дұға жасады.  

Бас имам Данияр қажы Рәтбек қажыға орталық мешітке келіп, рухани әңгімесімен бөліскені  үшін шексіз алғысын айтты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: