Шәкірттер хатым дұғасын жасады

Шәкірттер хатым дұғасын жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі  Алдасаева Гүлжанның ұйымдастыруымен қасиетті жұма күні игі іс атқарылды.

Облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің әйел жамағатына арналған сауат ашу курсының шәкірттері жас қыздардан бастап ақ жаулықты асыл  әжелерімізге дейін әр аптаның жұма күнінде қасиетті Құран хатым дұғасын жасауды әдетке айналдырған.

Сол игі әдет бойынша бүгінгі жұма күні де хатым дұғасы жасалды. «Әйелдер-қыздар» секторының облыстағы жетекшісі  Алдасаева Гүлжан мешіттегі әйелдер жамағатымен бірге қасиетті Құран Кәрімді хатым етті.

Сауат ашу курсында білім алған қыз-келіншектер мен апа-әжелер Алланың аятын оқып, рухани бір серпіліп қалды.

Іс-шараға жиналған шәкірт-аналар еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы, халқымыздың береке-бірлігін Алладан сұрап арнайы дұға жасады.

«Һибатулла Тарази»  орталық мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: