Келешегі кемел ел жастарға мән береді

Келешегі кемел ел жастарға мән береді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ХХІ ғасырда жаңа Қазақстанның дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі беделді мемлекеттер қатарында қалыптасып әрі қарай дамуы үшін бүгінгі жастардың қоғамдағы рөлі ерекше. Қазіргі таңда халықаралық байланыстар дамыған кезеңде қазақ жастары бәсекеге қабілетті, өзінің дәстүрі мен тілін, мәдени құндылықтарын бойына сіңірген азамат болу басты мақсат екені белгілі. Біздің мемлекетімізде жастарға өз идеяларын жүзеге асырып, сапалы білім - саналы тәрбие алуға, барлық мүмкіндіктер жасалған.

Осы тақырып аясында орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Маханұлы ТарМУ-нің «Заң»  факультетінің 2-курс студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесуге жиналған жиырмадан астам студентке жастардың қоғамдағы рөлі мен маңызы туралы айтылды.  «Қазір елімізде жастарға деген қамқорлық барлық салада көрініс беруде. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында, қабылданып жатқан барлық мемлекеттік бағдарламаларда жастардың рөлі мен белсенділігіне ерекше мән берілген», - деп атап өтті Ержан Маханұлы.  Сонымен қатар, жастардың ұлттық тәрбиеге, дініміз бен ділімізге, тілімізге берік болуы еліміздің жарқын болашағының кепілі екендігі туралы да сөз қозғалды.

Жиын соңында екі тарап сұрақ-жауап алмасты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: