Рухани келісім - бейбітшілік тірегі

Рухани келісім - бейбітшілік тірегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

18-қазан «Рухани келісім» күні Жамбыл облысы дін істер басқармасы Омаров Жангелді Жайлауұлы еліміздегі діни бірлестіктер мен конфессия өкілдерін мерекемен құттықтады.

Жиында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы «Ислам - дінаралық келісімге бастайтын дін» тақырыбында баяндама оқыды.

Құранда: «(Елшім), былай де: Ей, кітап иелері! Келіңдер, сендер мен біздің арамыздағы ортақ сөзде бірлесейік....» (1, 3:64) - деп айтылады. Өкіл имам ортақ мүддеге шақырған Құран, мұсылмандарға басқа сенім өкілдеріне, тіпті, Аллаға сенбейтіндерге де мейлінше мейіріммен және түсіністікпен қарауды тапсырғанын айтып өтті.

Осы күнге орай Тараз қаласының бас имамы Қанат Әділханұлына өңірдегі конфессиялық келісімнің нығаюына қосқан үлесі үшін Жамбыл облысы әкімдігі дін істер басқармасының басшысы Омаров Жангелді Жайлауұлы өз атынан алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, елеулі еңбегі үшін орталық «Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы Әміров Әбдіжаппар мен діни бірлестік өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

Жиналыс соңында Қанат Әділханұлы айтулы күнмен құттықтап, «Қазақстан –Тараз» және «77» телеарналарына сұхбат берді.

Мереке күні «Тараз Арена» спорттық кешенінде кіші футбол, үстел теннисі және шахматтан жарыстар ұйымдастырылды.

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің  баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: