РАНТ мүшесі бірнеше мекемеде уағыз-насихат жүргізді

РАНТ мүшесі бірнеше мекемеде уағыз-насихат жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі,  орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы РАНТ мүшесі Шынгошаев Рауанмен кездесті. Бекітілген жоспарға сай РАНТ мүшелерінің Жамбыл облысында өткізетін кездесулері  бойынша Шынгошаев Рауанға жат ағымдармен күрес мәселесі бойынша бірнеше мекемеде болып, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

18-қазан күні Тараз қаласындағы ЖД 158/4 түзету мекемесінде болып, «Жат ағымның қоғамға берер зияны» тақырыбында уағыз айтты. Түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің сұрақтарына жауап берді, «Шейх Зуннун» мешітінде «Мәзһаб ұстанудың маңыздылығы» тақырыбында және қаладағы  «Достар» шұжық цехының қызметкерлеріне «Басшыға бағыну» тақырыбында, «Азрет Әли» мешітінде ақшам намазынан кейін жамағатқа «Әмин» дұғасын іштен айту» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.  

19-қазан күні Шу қаласындағы «Жәми» мешітінің жамағатына жоспарға сай «Тәні саудың жаны сау» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Сонымен қатар, Шу қаласындағы №10 колледж студенттеріне «Жат ағымның алдын алу нұсқаулықтары» тақырыбында насихат жүргізді.  Сондай-ақ, Шу қаласында орналасқан «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жамағатына «Мәзһаб ұстанудың маңыздылығы» тақырыбында келелі уағыз-насихат айтты, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 

Жат ағымдармен күресу мәселесі жоспарға сай алдағы уақытта да жалғаса бермек.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: