Өзбекстанда халық емшілерін дәстүрлі медицинаға теңеді

Өзбекстанда халық емшілерін дәстүрлі медицинаға теңеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өзбекстанда халықтық медицинаны ресми түрде мойындады. Сәйкесінше қаулыға республика президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды.

Айта кету керек, бұдан былай халықтық медицина «халыққа медициналық көмек көрсетудің қосымша әдісі» болып саналатын болады.

Бұл ем саласын лицензиялау ережелері де, оған қойылатын талаптар да ұқсас болмақ.  

Елдің медициналық жоғары оқу орындарында халықтық медицина курстары ашылатын болады, ал Ташкенттің дәрігерлер біліктілігін арттыру институтында өз алдына жеке кафедра құру жоспарлануда. 

Халықтық медицина саласына Денсаулық сақтау министрлігі жетекшілік ететін болады.  

Жуырда осы салада қызмет жасайтын мамандар мен ұйымдардың дерекқоры пайда болады, сондай-ақ, «бай тарихи дәстүрлер және өзбек халықтық медицинасының бірегей мұрасын зерттеу бойынша» ғылыми зерттеулер ұйымдастыру көзделіп отыр.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: