Мұсылман оқушылар туралы фильм түсірілді

Мұсылман оқушылар туралы фильм түсірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жасөспірімдер ұлттық және діни ұстанымына қарамастан өз қатарластарынан, жоғары сынып оқушыларынан қысым көретіні бар. Ал канадалық кинорежиссер Венди Роуленд мұсылман балалардың исламофобиялық қысымға жиі ұшырайтынын өз фильмінде көрсеткісі келген, деп жазады Toronto.com.

Роулендтің «14 жастағы мұсылмандар» атты фильмінде мұсылман отбасынан шыққан үш канадалық жас баланың өмірі туралы баяндалады.

«Менің 2 балам бар. Маған олардың үйден тыс жерлерде қандай кедергілерге кезігетіні белгісіз. Алайда мен мұсылман емеспін» дейді режиссердің өзі.

Мектепте оқитын Малайка Хан үшін оның ата-аналары уайым шегеді. Себебі оның туған әпкесі мектепте әртүрлі қысымға ұшырап келген. Дегенмен, қуанышқа орай Малайканың сыныбында әртүрлі діни сенімдегі балалар білім алады және олардың арасында ешқашан кикілжің туған емес. Режиссер осы желідегі фильмді түсіру барысында мұсылман балалардың өз іс-әрекеттеріне ересек адамдар секілді ой жүгіртетініне таң қалғанын айтады. «Олар «біз қырағы болуымыз керек. Өзімізді жақсы жағынан үлгі етуіміз қажет, бізді адамдар осыған қарай есте сақтайтын болады» деп айтады» дейді режиссер Роуленд.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: