Түркия Индонезия құрбандарына көмек көрсетуде

Түркия Индонезия құрбандарына көмек көрсетуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркияның Адам құқығы мен еркіндігін қорғау және гуманитарлық көмек қоры Индонезиядағы Сулавеси аралы ұшыраған дүлей апаттың салдарынан зардап шеккен 7 мыңдай адамға көмек көрсетті. Түрік ұйымдарының қызметкерлері жер сілкінісі мен цунами болған күннің ертеңінде-ақ Индонезияға жол тартқан болатын. Белсенділер 3 күнде Дунгала, Палу және Макассар регенттіктеріне жетіп, гуманитарлық көмек таратуды қолға алған.

Меценаттардың арқасында тұз, күріш, дәмдеуіштер, соя тұздығы, өсімдік майы, жұмыртқа, қант, печенье салынған қапшықтар 7 мыңнан астам индонезиялықтарға таратылған. Азық-түліктен басқа тұрмысқа қажетті және гигиеналық жиынтықтар да берілген. Түріктер күнделікті апаттан зардап шеккен жандар уақытша орналасқан орындарды шамамен 400 литрдей ауыз сумен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, аталмыш қордың белсенділері ұшқышсыз дрондардың көмегімен жергілікті билікке із-түссіз кеткен отандастарын іздестіруге атсалысуда. Жуырда ұйым апат болған аймаққа тағы да бір команда жіберуге дайындық үстінде. Гуманитарлық кампания іздеу-құтқару жұмыстары аяқталғанша жалғасатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің 28-ші жұлдызында Индонезияда қатарынан орын алған алапат жер сілкіну салдарынан Палу қаласын цунами басып өткен. Нәтижесінде бірнеше мыңдаған индонезиялықтар өз баспаналарын тастап, уақытша шатырларды паналауға мәжбүр болған.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: