Шамамен 300 мыңдай мұсылман Умра өтеді

Шамамен 300 мыңдай мұсылман Умра өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабияда Умра өтеген мұсылмандардың саны белгілі болды.

2018 жылдың басынан Сауд Арабия билігі кіші қажылықты өтеуге ниет білдіргендерге 282 124 виза бөлген болатын. Бұл жөнінде САК Қажылық және Умра министрлігінің мәліметіне сілтеме жасай отырып ArabNews мәлімдеген.

Қазіргі таңда корольдікке Умра өтеуге келген мұсылмандардың саны 87 232, олардың басым көпшілігі қасиетті Мекке қаласында кіші қажылық рәсімдерін өтеуде.

Кіші қажылық өтеп жүргендердің көпшілігі Пәкістан мұсылмандары, бұл елге 46 202 виза бөлінген екен. Одан кейін Үндістан - 25 580, Индонезия – 5 853, Шри-Ланка – 2 663 және Иордания – 2 585.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: