АҚШ-та намаз үшін жұмыссыз қалған мұсылмандар қайтадан жұмысқа алынды

АҚШ-та намаз үшін жұмыссыз қалған мұсылмандар қайтадан жұмысқа алынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АҚШ-тың Миннесота әуежайында жұмыс істейтін мұсылмандар намаз оқығандары үшін жұмыстан қуылып, бірнеше күннен кейін қайтадан жұмыс орындарына келтірілген. Айта кету керек, Delta әуе тасымалымен серіктес болған клинингтік қызмет көрсетуде 7 мұсылманнан тұратын бір бригада жұмыс істеген, олардың басты міндеті – жолаушылар толықтай түсіп болған соң ұшақтың ішін тазарту болатын. Үзіліс кездерінде мұсылман-жұмысшылар намаз оқуға тырысатын. Мұны біліп қойған басшы оларға тіл тигізіп, қызметтік бейдждарын тартып алған.

Бейдждары мен униформаларын өткізген мұсылмандар кәсіподақ пен құқық қорғаушыларға жүгінген екен. Сол кезде U.S. Aviation компаниясының жұмыс берушісі діни кемсітушілік бойынша мүмкін болар сот қуынымдары мен әшкере болудан қауіптеніп, мұсылмандардың жұмыстан қуылғанын жоққа шығарыпты.

Сонымен қатар, әуе жай жұмысшыларының кәсіподағы еңбек шарттарын жақсартуды талап етіп ереуіл ұйымдастырған. Осыдан кейін U.S. Aviation компаниясы жұмыссыз қалған мұсылмандарды қайтадан жұмыс орындарына қайтуға көндірген. Компания өкілдерінің айтуынша, олардың басшысы жұмыстан шығарылып, бұдан былай олардың намаз оқуларына еш қиындық туындамайтын көрінеді. Өз кезегінде, әуе жай жұмысшыларының кәсіподағы өз мүшелерінің жалақысын көтеруге қол жеткізуді жоспарлап отыр.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: