БАӘ бойдақтардың саны азаятын болды

БАӘ бойдақтардың саны азаятын болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БАӘ кешкі мезгілдерде қауіпсіз қыдыруға болатын үш көшбасшы елдің қатарына кіреді, алайда кейбір тұрғындар көбіне елге отбасынсыз келетін шетелдік жұмысшылармен көршілес тұратындарына алаңдаушылық танытуда. Кей жағдайларда шетелден келген жұмысшылар жайлы аудандарда да тұрады екен.

Бұл мәселе БАӘ Ішкі істер министрлігінде қозғалған көрінеді. Осы мәселені шешу мақсатында аталмыш ведомство жайлы аудандардағы бойдақтардың санын азайтуды қолға алатын кампания ұйымдастыру керектігін айтқан. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін құрылған комитеттің құрамына Демография бойынша федералды кеңестің, Адам ресурстары жөніндегі министрліктің, Қалалық жоспарлау, жер және мүліктік ведомство кеңесінің, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі министрліктің мүшелері, сондай-ақ, ел бойынша әртүрлі муниципалитет өкілдері кірген.

Қажетті инфрақұрылымдарды қалыптастыру және заңнамалық актіні бекіту үшін аталмыш ұйымдар стратегиялық әріптестермен бірлесе әрекет ететін болады. Жергілікті билік елдегі шетелдік жұмысшылардың кез-келген аудандарға жайғаспауына, керісінше, қауіпсіздік пен қоғамды қорғауды қамтамасыз ететін алдын-ала  бекітілген стандарттар негізінде жүзеге асырылуына қол жеткізуді көздеп отыр.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: