Әлемді сәлемге шақырған дін

Әлемді сәлемге шақырған дін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде «Әйелдер-қыздар» секторы ұстаздарының ұйымдастыруымен Елбасының ұлттық кодымызды сақтай отырып «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жолдауының аясында «Әлемді сәлемге шақырған дінім» атты дөңгелек үстел өтті.

Мешіт шәкірттері мен Жамбыл облыстық «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» мамандарының қатысуымен өткен іс-шарада халқымыздың тарихына терең үңіліп, Ислам діні мен байырғы дәстүріміздің біте қайнасқан құндылықтары жайында баяндалды. Осы күнде  белең алған діни фанатизм мен патриотизді шатастырмауымыз керектігі туралы, дәстүрлі дініміздің қадір-қасиеті мен теріс діни ағымдардың тарихы мен олардың құйтырқы мақсаттары туралы жамағатқа ақпараттар берілді. Дәстүрден ауытқушылықтың көріністерін тек дін фанаттарынан ғана іздей бермей, кез келген салада жалпы ұлттық рухани құлдыраудан сақтануымыздың қажеттілігі айтылды.

Шарада қатысушылар тарапынан дін мамандарына сұрақтар қойылды. Ислам шариғатын насихаттауда тек жас буынға ғана емес, білікті дін мамандары мемлекеттік қызметкерлер мен мектеп ұстаздарына дін руханияты туралы дәріс оқыса деген ұсыныстар айтты. «Егер аға буын діни сауатсыз болмағанда, соңғы жылдарда қозғалып келе жатқан мектептердегі орамал мәселесі туындамас еді», деді өз сөздерінде ақ жаулықты аналарымыз. Әрбір азамат экстремизм мен дін атын жамылған топтармен күресуде діни сауаттылықты арттыру арқылы үлес қосса деген  ұсыныстар білдірілді.

Жиын соңында халқымыздың тыныштығы мен ел амандығын тілеп, аналарымыз ақ баталарын берді.

«Кеңесхан қажы» мешітінің

баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: