Өкіл имам Шу және Мойынқұм аудандарында алқа мүшелерімен кездесті

Өкіл имам Шу және Мойынқұм аудандарында алқа мүшелерімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі облысқа қарасты аудандардағы мешіттердің алқа мүшелерімен кездесу мақсатында арнайы жұмыс жоспарын құрып, сол бойынша бірнеше аудандарға іс сапармен барған  болатын.  

Осы жолы Шу және Мойынқұм аудандарына іс сапармен барған облыс өкіл имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы  Шу аудандық  орталық «Төле би» мешітінде аудандағы мешіт алқа мүшелерімен кездесті. Шу қаласындағы «Әбу Бәкір» мешітінде ақшам намазынан кейін сәләфи бағыттағы жамағатпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, уағыз айтты. «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек Шу қалалық «Жәми» мешітінде ақшам намазынан кейін жамағатқа уағыз жүргізді.

    

 Өкіл имамы Данияр Әлимұхамедұлы жұма күні «Мойынқұм» аудандық  орталық мешітінде жұма уағызын жүргізіп, жамағатпен көрісті. Облыстық орталық мешіттің наиб имамы Жапек Ғалымбек Мойынқұм ауданындағы Жамбыл ауылында орналасқан «Жексенбай ата» мешітінде жұма уағызын жүргізді.  

Жұма намазынан кейін өкіл имам аудандық мешіттердің алқа мүшелерімен кездесті. Кездесудегі негізгі мақсат  ҚМДБ-ның Жарғысына, мешіт ережесін сай алқа мүшелерінің арнайы міндеттемелері жасалды. Сол міндеттеменің ішінде алқа мүшелерінің мешіт имамдарына діни рәсімдерді бірізділікке түсіру жұмыстарына көмектесуі, мешіт ішіндегі діни жұмыстарға материалдық және рухани жағынан жәрдем беруі,  Жарғы мен ереже шеңберінде мешіт имамдарымен бірлесіп жұмыс істеу, қолдау көрсетуі сынды мәселелер бекітілді.  

Сонымен қатар күн тәртібінде: жыл басында арнайы құрылған комиссияның мешіттерді тексеру қорытындысының орындалу барысын қарау, имам мен ауыл тұрғындарының арасындағы байланысты білу, алқа мүшелерінің ойларын, ауылдағы қордаланып қалған кейбір мәселелердің жағдайын өз ауыздарынан есту, іс-қағаздарын жүргізу жолдарымен таныстыру, аудан, қала мешіттері бас имамдарының шешімімен құрылған комиссия құрамымен қажетті деп табылған мешіттерін тексеру жұмыстарына қатысу, қариялар мен имамның арасын жақындату мақсатында қариялар тарапынан осындай жиынның жылына бір рет болса да өтіп тұруын қадағалау, алқа мүшелерінің бес уақыт намаздан кейін және жұма намазының  соңында бата беріп отыруы, келешекте облыстық деңгейде алқа мүшелерінің арасынан іріктеп «Бата жарысын» ұйымдастыру, «Уақып» қорының бастамасымен облыста 22 имамға айлық берілу мәселесі қаралды.

 

Сондай-ақ, неке қию рәсімі бойынша некені  мешітте екі тараптың ата-ана, туыстарының қатысуымен қию, неке куәліктерінің қалалық және облыстық мешіттен ғана берілуі тиіс, кейбір мешіттердің жанынан қайырымдылық бөлмесі ашылады,  көмек сұрап келетін мұқтаж адамдар әр мешіттен бір көмек алады, енді көмек алушыларға арнайы біріңғай база жасалады.  Аудан мен қала мешіттері бір базадан бақылауға алынатын болады.

Жиналған алқа мүшелері осы мәселеге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын айтып, қарияларды құрметтеп, ескеріп, осындай бастаманы қолға алғаны үшін облыс өкіл имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлына шексіз алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.

 «Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: