Өкіл имам Қордай жерінде

Өкіл имам Қордай жерінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Әлимұхамедұлы Жұмабаев жұмыс сапарымен Қордай ауданында болды. Ауданның бас мешітінде қадірменді қонақты аудан имамы бастаған дін қызметкерлері және 57 мешіттің алқа мүшелері күтіп алды.

Өкіл имам аудан жамағатымен, ақсақалдарымен кездесті. Сұхбат барысында мешіттің халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру, жергілікті халықтың діни сауаттылығын жақсарту бағытындағы жұмыстар және жамағаттың игі іс-шараларға етене араласуы жайы сөз болды. Әрине басты тақырып ол ҚМДБ жарғысына сай мешіт алқа мүшелерінің жұмысын жаңа қарқынмен жанжандыру болып табылды. Осы бағытта облыстық мешіт наиб имамы Ғалымбек Жапек мырза арнайы баяндама оқып, алқа мүшелерінің негізгі жұмыс бағыттарын сан қырлы тұстарын түсіндіріп өтті.

Өкіл имам тарапынан жамағаттың ұсыныс-тілектері тыңдалып, бірқатар сауалдарына жауап берілді.

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: