4 жамандықтан 4 асыл қасиет жоғалады

4 жамандықтан 4 асыл қасиет жоғалады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Инабаттылық – иманның мінез-құлық арқылы білінуі. Иман қалай білінеді? Ол жақсылықта, қайырымдылықта, әділеттілікте, табандылықта, батылдық пен жұмсақтықта, шынайылық пен адалдықта және басқа да адамгершілік қасиеттерде білінеді.

Пенде мінсіз болмайды, оның жақсы қасиеттерімен бірге әлсіз жақтары да бірге жүреді. Оның кейбір артықшылықтары мен кемшіліктері бір-бірімен «тіл табыса алады», бірақ бір жүректе басқа қасиеттермен бірге тіршілік ете алмайтын қасиеттер бар, өйткені олар болмысы жағынан бір-біріне қарама-қайшы болып келеді.

Ибн Хажр әл-Аскалянидің «Қайта тірілу күніне дайындық» жинағында келтірген хадисінде адамның жүрегіндегі кейбір жақсы қасиеттердің нақты кемшіліктермен «қуылуы» мүмкін деп айтылған: «4 нәрседен жоғалатын Адам баласының бойында 4 інжу бар». Сонымен, бұл қандай інжу болды?

1. «Ашу үстінде жоғалатын ақыл-ой».

Ашу – шекаралар бұзылған кезде жауап ретінде пайда болатын табиғи эмоция. Кейбір кезде ашу көмекші бола алады, мысалы, әділеттілікке қол жеткізуде, өтірікке қарсы тұруда және т.б. Ешбір жан өз-өзіне зиян келтірмей толықтай ашу-ызадан арыла алмайды, алайда әрбір ақыл иесі ашуды ауыздықтап, дұрыс бағытта қолданып, басқара алады.

Егер адам өз эмоциясының қожайыны болмай, оған өзін басқаруға мүмкіндік берер болса, оған бойұсынып, әрекеттері мен сөздерін қадағаламайтын болса, онда, ақыр соңында, ашу-ыза тек қана зарарлы салдарға әкеліп соқпай қоймайды, сонымен қатар, ақыл-ойдан айырылуға да әкеліп соғады да қиын-қыстау кезеңде ондай адамнан ақыл-кеңес сұрау қажеттілігі болмай қалады.

2. «Қызғаныштан жоғалатын дін».

Қызғаныш та бақылауда бола бермейтін сезім. Адамда қызғаныш сезімі кенеттен оянып кетуі мүмкін, оны адамның өзі де сезбей қалады. Әдетте қызғаныштың белгілері өшпенділік, табалаушылық, біреудің сәттілігіне кедергі жасағысы келу, өзгелердің жетістіктері мен қасиеттерін құнсыз етіп көрсету болып табылады. Егер адам қызғаныш сезіміне өз мінез-құлқын бағындырып, оған ерік берер болса, егер осы пиғылдың өз әрекеттеріне билік жүргізуіне мұршат берер болса, онда ол адамды діннен алыстататын болады. Сондықтан адамға бұл сезімнен толықтай құтылып кету пешенесіне жазылған болса, онда қызғаныштың өз денесін толықтай бақылауда ұстауына мүмкіндік бермеу керек.

3. «Тілек үшін жоғалатын ар-ұят».

Пенде тойымсыз болып жаралған. Бұл дүниенің баянсыз екенін біле тұра, көпшілік жиған-терген байлығын місе тұтпай, одан ары байлығын арттыру үстінде жүреді. Мұқтаждыққа қарағанда тілекті толықтай қанағаттандыру мүмкін емес. Бір данышпан былай айтқан екен: «Күллі адамды тойғанынша жегізуге әлем жеткілікті түрде ғаламат үлкен, бірақ пенденің ашкөзділігін тойдыру үшін өте кішкентай».

Егер адам өз ашкөзділігін уысында ұстамайтын болса, онда ол оның ұятын абақтыға қамайтын болады, өйткені тілектің соңында жүрген адамға ұяты тек кедергі келтіретін болады да ол рахат пен адамгершіліктің бірімен хош айтысуына тура келеді.

4. «Ғайбат үшін жоғалатын жақсы амалдар».

Хадистердің бірінде былай айтылған: «Болжамнан аулақ болыңдар, өйткені асылында, жаман ойлар – ең өтірік сөздер! Сұрастырып білмеңдер, тыңшы болмаңдар, бір-біріңмен бәсекелеспеңдер, бір-біріңді қызғанбаңдар, бір-біріңе ыза болмаңдар, жауласпаңдар да, ей, адамдар, бір-бірлеріңе бауыр болыңдар!»

Ислам ашық ғайбат тұрмақ, тіпті жаман ойлардан сақтандырады. Дегенмен, Құранда былай айтылған: «Алла (Т.) жаман сөздің жарияланып сөйленуін жақсы көрмейді. Бірақ зұлымдыққа ұшыраған біреудікі басқа. Алла әр нәрсені естиді, біледі» (4:148).

Ал басқа кездерде, мысалы, ғайбаттың мақсаты ермек, біреуді қаралау, өсек айту, біреудің жанын ауыртып немесе зиян келтіру болып табылғанда – бұл ғайбат айтушыны ғайбаттаушы адамның алдында нақты бір қарыздар етіп қояды. Мүмкін оның айтқан сөзінің зияны үшін де Қиямет күні Алла Тағала ол жаман айтқан адамның күнәсін арқалатуға немесе өзінің жақсы амалдарын сол адамға бергізуге мәжбүрлеп қоятын шығар. Ғайбат зиянының үлкен болатындығы сондай, оның өтемақысы ретінде ғайбат айтушының жақсы амалдары алынады. Осылайша, бір сөмке жақсы амалдар біреу туралы айтылған жаман сөз үшін ұрланып кетуі ғажап емес. Құранда айтылғандай, жақсы амалдар жаман амалдарды жояды, ал хадисте келтірілгендей, жаман әдеттер адамды адами қасиеттерден айырады.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: