Тозақ мекендеушілерінің басым көпшілігі әйелдер...

Тозақ мекендеушілерінің басым көпшілігі әйелдер...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Абдулла ибн Аббастан жеткен риуаятта Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқаны келтірілген: «Маған Тозақ көрсетілді. Ол жердің басым көпшілігі шүкіршілігі жоқ әйелдер болды». Сонда сахабалар: «Олардың Аллаға деген шүкірлігі болмаған ба?» - деп сұрайды. Алла Елшісі (ﷺ) былай жауап берген: «Олар күйеулерінің оларға деген жақсы қарым-қатынастарына шүкір айтпағандар. Бұл әйелдерге жылдар бойы жақсылық жасалынады, бірақ егер бір рет оларға ұнамсыз нәрсе жасалып қалса, олар: «Сенен ешқашан бір жақсылық көрген емеспін», - деп айтады» (Бұхари, Иман, 21; Мүслим, Иман, 132).

Бұл сенімді хадисті Бұхари мен Мүслим келтірген.

Аталмыш хадистің негізгі тақырыбы — шүкіршілік етпеу болып табылады.  Еркектердің әйелдерде құқығы бар болғандай, сөзсіз, әйелдердің де еркектерде құқығы бар. Рақмет айтпау, шүкіршілік етпеу, алғыстың болмауы — жанұя бақытын бұзатын фактор болып табылады. Ал Алла Елшісі (ﷺ) дәл осыған ерекше мән берген еді.  

Келесі хадисте өте маңызды нәрсе айтылған: «Кімде-кімнің адамдарға алғысы болмаса, оның Аллаға да алғысы болмайды». Бұл хадисте әйелдердің рақметінің жоқтығы, олардың Алла Тағалаға да рақметінің жоқтығының белгісі болып табылатындығы көрсетілген (Ибн Хаджар, Фатхул-Бари, 83).

Егер ер адамдар да рақметсіз болса, онда бұл жағдайда, хадистерде көрсетілгендей олар да дәл әйелдер сияқты қауіпте болады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: