Адамзат не үшін жаралған?

Адамзат не үшін жаралған?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл баянсыз дүние тірлігімен жүріп пенде дін турасынан алып қарағанда не үшін жаралғанын және өмір атты сапардың мәні неде екенін есінен шығарып алады.

Қасиетті Құранда Алла Тағала бұл дүние мәнінің неде екенін әрі адамның не үшін жаралғанын түсіндіріп, еске салып отырады. Төменде осы мәселеге қатысты бірнеше аяттарды келтіреміз:

1. «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» (51:56).

2. «Біліңдер! Шын мәнінде дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән және өзара мақтанысу, сондай-ақ малдарды, балаларды көбейту ғана. Бұның мысалы: Өсірген өсімдігі кәпірлерді таңырқатқан жаңбыр сияқты. Сосын қурап, сап-сары болғанын көресің. Содан кейін үгінді болады. Ақыретте қатты азап әрі Алладан жарылқау, ризалық бар. Негізінде дүние тіршілігі бір алданыштың ғана нәрсесі» (57:20).

Түсінік берушілер былай деп айтқан:  «Осы дүние рахатына құнығып, ақирет өмірге сенбей  және осы өмірді ғана мойындайтындарға бұл уақытша фәни дүние рахат көзі болып табылады, алайда Мәңгілік өмірмен салыстырғанда бұл өмір қысқа да баянсыз». Бұл дүниенің уақытша екенін түсіну пендеге күнәлардан бас тартып, өз амалдарына дұрыс баға бере алуына көмектеседі. Бұл оның осы дүниеге деген ашкөзділігін тыйып, рухани баюына жағдай жасайды.

3. «Алланың саған берген дәулетімен ақырет жұртын ізде де дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай-ақ жер жүзінде бүліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді» (28:77).

О дүние туралы ой – негізгі болып табылады, бірақ пенде бұл дүние тіршілігін де ұмытпауы тиіс, бар ынта-пейілімен дінге беріліп, өмірдің өзге аспектілерін ұмытып, өзінің және өзгелердің алдындағы міндеттерді елемей қоюға болмайды.

4. «Әй мүміндер! Алладан шынайы қорқумен қорқыңдар да Мұсылман болған күйде ғана өліңдер» (3:102).

Ибн Әбу Хатим Абдулла ибн Масуд осы аятқа былай түсініктеме берген: «Алладан лайықты түрде қорқыңдар – бұл дегеніміз Оған мойынсұну, бағынбай қоймау, еске алып, Оны ұмытпау, шүкір айту әрі сенбеушілік танытпау». Мүмін адамның жан тәсілім етуіне қатысты мынадай бір хадис келтірілген: «Әрбірің өлерде Алла Тағала туралы жақсы ойда болыңдар» (Мүслим).

5. «Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, қарсылықтан тыятын, сондай-ақ Аллаға сенетін қайырлы бір үммет болып шығарылдыңдар. Ал егер кітап иелері иман келтірсе еді, әлбетте олар үшін жақсы болар еді. Олардан иман келтіргендер де бар. Олардың көбірегі бұзақылар» (3:110).

Үмметтен болу – мұсылманды өзінің жаралуын өнегелік, сабырлық, адалдық және басқа да адамды көркейтіп, көркем ететін қасиеттерді кемеліне жеткізу арқылы ақтап алуға міндеттейді. Сондай-ақ, бұл аят мүміндердің Алла Тағала алдындағы дәрежесін және оған сай болу қажеттілігін олардың естеріне салып отырады.

6. «Шын Біз, сендерді босқа жараттық та тіпті Бізге қайтарылмаймыз деп, ойлайсыңдар ма?”- дейді» (23:115).

Әрбір жан иесінің соңы – Жаратушысына қайту екенін еске салатын бұл аят жауапкершілік пен парасаттылыққа жетелейді. Алланың алдына қайтадан қайту шарасыздығын түсіну – пендені көп еңбек етуге мәжбүрлейді, өйткені әрбір ақыл иесі Жаратушымен кездесер сәтінің пайдасыз өткізген өмірі үшін опық жеп, қайғырып, бақытсыз болуын емес, керісінше, қуанышты да бақытты болуын қалайды.

7. «Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өліммен тіршілікті жаратқан. Ол, тым үстем, аса жарылқаушы» (67:2).

Бұл өмірдің сынақ екенін еске салатын бұл аятта амалдар сапасымен бағаланатыны, пенденің жақсылық немесе жамандық жасауға бейім болатындығы, сәйкесінше оның өмір жолының соңында жасаған амалдарына сай сауап пен сый күтетіні айтылған. Өлім мен өмірдің жаралу мақсатын қысқаша түсіндіріп өтетін бұл аят бақытқа кенелушілердің қатарында болу үшін күш-жігерді қайда және қалай жұмсау керектігін еске салады.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: