Ер адам әйелін намаз оқуға және үйде орамал тағып жүруге мәжбүрлей ала ма?

Ер адам әйелін намаз оқуға және үйде орамал тағып жүруге мәжбүрлей ала ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қыз-келіншектер үйде жалғыз болғанда немесе махрам емес болып саналатын бөтен еркектер болмағанда, орамал тақпай, өз қалауы бойынша киіне алады. Бұл күнә болып табылмайды, сондықтан бұл жағдайда орамал тағуға мәжбүрлеу жарамайды әрі дұрыс емес.

Намазға келер болсақ, күйеуі ақыл айтып дұрыс жөн сілтеуге міндетті. Егер әйелі намаз оқымаса, күйеуі оған намаздың маңыздылығын және одан бас тартқанда не болатынын айтып түсіндіруі тиіс. Қажет болса оған осы мәселе түсіндірілетін діни әдебиет оқу керек.

Егер осы тырысудың бәріне қарамастан, әйел намаз оқуды бастамаса, онда күйеуіне қаталдық танытуға болады.  Егер бұл да іске аспаса, онда күйеуі уақытша неке төсегіне жатпай қоюына болады.  Егер бұл да көмектеспесе, онда күйеуі өз міндетін өтеген болып саналып әрі бұдан былай әйелінің әрекетіне жауап бермейтін болады. Егер әйелі намаз оқымайтын болса, күйеуі оны балағаттап, былапыт сөздермен ұрсуға, оған қол жұмсауға құқығы жоқ. Сондай-ақ, ажырасуға себеп болып табылмайды, әсіресе, егер отбасында балалар болса.

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: