Байзақ ауданында мешіт алқа мүшелерімен кездесу өтті

Байзақ ауданында мешіт алқа мүшелерімен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы  өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Данияр қажы Жұмабаев Байзақ ауданындағы «Байзақ баба» мешітінде ауданға қарасты мешіттердің алқа мүшелерімен кездесу өткізді.

Алқа мүшелерімен  кездесуге өкіл имам Данияр қажы Жұмабаев, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек, іс басқарушы Қожахметов Халит және Байзақ ауданының бас имамы Миразизов Рамиз қатысты.

Данияр қажы Жұмабаев әуелі алқа мүшелерімен таңысып, ҚМДБ-ның Жарғысына, мешіт ережесін сай алқа мүшелерінің арнайы міндеттемелері жайында түсіндіре отырып, бүгінгі жиналысты өткізудегі мақсатымыз сіздермен танысып, сіздердің ұсыныс пікірлеріңізді тыңдап, қазіргі қоғамда болып жатқан діни жорағылардың бір ізде болуына алқа мүшелерінің қолдау көрсете білуі керек екендігін, ауыл имам молдаларына жәрдемші болып ауыз біршілікті сақтауға, ҚМДБ-ның Жарғысына, мешіт ережесін сай алқа мүшелерінің арнайы міндеттемелері толыққан орындауға, солардың ішінде діни рәсімдерді бірізділікке түсіру жұмыстарына көмектесуге, мешіт ішіндегі жұмыстарға материалдық, рухани жағынан жәрдем беруге, мешіт имамдарымен бірлесе жұмыс істеуге шақырып, алқа мүгшелерінің қойған сауалдарына мардымды жауап берді.

«Байзақ баба» мешітінің Баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: