Мұсылман қызға үйлену үшін Ислам дінін қабылдады

Мұсылман қызға үйлену үшін Ислам дінін қабылдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақта  «Отан отбасынан басталады» деген ғибратты сөз бар. Отан сан жүздеген, мыңдаған отбасылардан құралатындығын осыдан біле аламыз.

Ұлтымызда ежелден отбасының тірегі ер азамат болып саналады. Ер адам өз отбасының алдында жауапты болып келген. Қазақ халқы отбасының беріктігіне аса мән берген. Отбасы берік болса, отанның тыныштығы мызғымайды деп білген.

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде неке қию рәсімі ерекше өтті. Ресей азаматы Василий болашақ жары  Руфинамен танысып, көңілдері жарасқан соң, ата-аналарының рұқсатын алып, үйленуге шешім қабылдапты.

Алайда мұсылман отбасында тәрбиеленген Руфинаға ата-анасы Ислам шариғатына сай  тек мұсылманға ғана тұрмысқа шыға аласың, деп ескертіпті.

Бұрындары да Ислам діні тағылымдары туралы өз бетінше ізденіп, танысып жүрген Василий болашақ қалыңдығының ата-анасының шарттарына өз келісімін берді. Осылайша ұлты орыс куйеу жігіт өзінің мұсылмандығын жариялауға бел буды.

Той күні белгіленіп жас жұбайлар мешіт табалдырығын аттады. Неке қию салтанатына қатысқан қыздың ата-анасы, куәгерлер мен жас жұбайлар Тілманбетов Таңат имамның уағыз-насихатын ұйып тыңдады. Дін маманы әлмисақтан бері әрбір адамның мұсылман екендігін баяндады. Алла Тағаладан жіберілген барша пайғамбарлардың Ислам дініне насихаттағандары жайында айтып жеткізді.

Имам күйеу жігітке «Негізінде Адам баласы Ислам дінін мұсылман қызға үйлену үшін емес, бір Алланың разылығы үшін қабылдауға тиіс екенін ұқтырды. Нәтижеде Василий өз еркімен кәлима айтып, мұсылмандығын жариялады.

Содан соң Василий мұсылманша неке шарттарымен толық танысып, Руфинаны өзіне жар етіп алуға келісімін берді. Жұбайлардың келісіміне куәгер болған туыстары мен мешіт ұжымы шахадат сөзін қайталады. Жас отбасына неке дұғасы мен «Құран» аятары оқылды.

Алла Елшісі пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: « Ер кiсi отбасының бақташысы. Сондықтан да ол қол астындағыларға жауапты », - деп, ер азаматтың орынын нақтылаған.  Сонымен қатар, ардақты елші Алла Тағала қасиетті Құранда «Ерлердің әйелдердегі ақылары болғаны сияқты, әйелдердің де ерлерінде белгілі ақылары бар» деп ескерткен-ді.

Алла Тағала иманымызды кәміл, әр отбасының шаңырағын берік етсін!

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: