Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа мешіт ашылды

Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа мешіт ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті мұхаррам айының қарсаңында Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты  Ақыртөбе  ауылында жаңа мешіт ашылды.

Алла үйінің ашылу рəсіміне  аудан имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы, аудан ақсақалдарының төрағасы Бижанов Қожайхан,  сондай-ақ мешітті тұрғызуға қол ұшын берген кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты ашылу қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Ақсақалдар төрағасы Бижанов Қожайхан ағамымыз құттықтау сөз сөйлеп, жамағатты жаңа мешіттің ашыумен құттықтады.  Жиында Бас имам Сұлтаншәріп қажы Исламдағы мешіт салудың мəртебесі мен сауабы жайлы айта келе құлшылық үйін тұрғызған азаматтарға алғысы мен ізгі ниетін жеткізді. 

Салтанатты шарада Сұлтаншәріп қажы жаңа мешіттің имамына қасиетті Құран кітабын сыйға тартып, дін, ел игілігі мен бірлігі жолындағы қызметіне сəттілік тіледі.

 

Әбілда Мейірханов,

зейнеткер

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: