Өкіл имам Құрбан айт мейрамына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді

Өкіл имам Құрбан айт мейрамына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл  бойынша өкілдігі Құрбан айт мерекесіне орай «Һибатулла Тарази» орталық мешітінде баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатын Жамбыл облысы дін істері басқармасынын бөлім басшысы Есмаханов Еркебулан, Тараз қалалық Кенесхан қажы мешітінің бас имам Жұмағұлов Қанат,  ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің Бас имамы Данияр Жұмабаев жүргізді.

Исламда маңызды құлшылық болып табылатын, мейірімділік пен қамқорлыққа баулитын Құрбан айт мейрамы биылғы жылы тамыз айының 21 жұлдызында басталады. Жамбыл облысы бойынша айт намазы барлық мешіттерде 21 тамыз күні таңғы сағат 07:00-де оқылады.

Тараз қаласындағы көрікті орындар мен көшелерге және барлық мешіт маңдайшаларына «Құрбан айт мерекесі құтты болсын!» деген мәтіндегі құттықтау билбордтар мен баннерлер ілінді.

Құрбан айт күні қаламыздағы «Һибатулла Тарази» орталық мешіті мен өзге мешіттердің ауласында спорттық-мәдени шаралар мен айттық жәрмеңкелер өткізіледі. Құрбан айт мерекесіне және құрбандық шалу рәсіміне қатысты арнайы түсіндірме-ақпараттық буклеттер мешітке келген халыққа тегін таратылуда.

Мешітте құрбандыққа шалынған малдардың еті қаламыздағы көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғыз басты аналарға, асыраушысы жоқ отбасы мүшелеріне, т.б. мұқтаж жандарға үлестіріледі. Құрбандық шалуды және мұқтаж адамдарға таратуды  мешіт ұжымы ұйымдастырады. Сонымен қатар, мешіт қызметкерлері діни рәсімнің шариғат талаптарына сай өтуіне қатысты нұсқаулықтар айтып, діни рәсімдерді атқарады.

Алла барша мұсылман қауымының шалған құрбандығын қабыл етсін!

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: