Өкіл имам қажылармен жүздесіп, батасын берді

Өкіл имам қажылармен жүздесіп, батасын берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази»  мешітінің Бас имамы Данияр Жұмабаев қасиетті қажылық сапарына аттанып бара жатқан бір топ қажылармен жүздесіп, оларға сәт сапар тіледі.

Бұл жүздесуде Данияр қажы қажыларды қасиетті «зүл-хижжа» айымен құттықтап, осы айда атқарылатын негізгі құлшылық түрлерімен таныстырды. Соның ішінде, қажылық ғибадатының орындалу тәртіптері мен әдептеріне де тоқталып өтті.

Жалпы Жамбыл облысы бойынша қажылық сапарына өтеуге «Тауаф Тревел» және «WAQYP TRAVEL» кажылық компаниялары арқылы 60 адам аттанды.

Алла Тағала барша мұсылман қауымының жасаған  ұлы ғибадатын қабыл етсін!

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: