100 имам өз біліктіліктерін арттыруда

100 имам өз біліктіліктерін арттыруда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында Жамбыл облысы имамдарының біліктілігін арттыру курстарын оқыту» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Тараз қаласы мен аудандарынан барлығы 100 имам өз біліктіліктерін арттыруда.

Жобаны жүзеге асырушы «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі «Нұр-Мүбарак»  Египет ислам мәдениеті университетінің Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамадарды қайта даярлау иниститутымен екі жақты меморандумға қол қойып, қазіргі таңда иниституттың порфессор-оқытушылар құрамы өз жұмысын бастап кетті.

Имамдар облыстық «Һибатулла Тарази» атындағы орталық медресесінде барлығы 84 сағаттық оқу бағдарламасын бас-аяғы 2 аптада меңгеріп шығады.

Имамдарға Қазіргі таңдағы хадистану мәселелері, Матуриди ақидасы, Мұсылманның құқықтық негіздері, Қазіргі таңдағы талас-тартыс мәселелері, Қазіргі таңдағы ақида міселелері, Конфликтология, Дағуат негіздері мен тәсілдері, Қазіргі таңдағы фиқһ мәселелері, Дін психологиясы, Террология, Дін туралы мемлекеттік аңдар және реторика  пәндері бойынша терең білім алуға жағдай жасалған.

Аталмыш пәндер бойынша профессор Мурат Абзелбаев, з.ғ.к, доцент Есбол Өміржанов, PhD доктор, доцент Қайрат Назарбек, PhD доктор, доцент м.а. Қайрат Құрманбаев, PhD доктор, доцент м.а. Асқар Акимханов, ф.ғ.к., доцент Рашид Мухитдинов, Дінтану магистрі, PhD докторант Нұржан Стамбакиев, Исламтану магистрі, PhD докторант Ризабек Батталұлы, исламтану магистрі Асқар Сабдин, исламтану магистрі Данияр Сулейменов, исламтану магистрі Наздан Маукен, дінтану магистрі Ернар Есімқұлов сынды оқытушылар білім беруде.

Екі апталық курс аяқталысымен барлық имамдарға арнайы сертификаттар табыс етілетін болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: