Намазға құрметсіздік – дінге құрметсіздік

Намазға құрметсіздік – дінге құрметсіздік

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі Тараз қаласындағы «Атлетик» спорт кешенінде орын алған жағдайға байланысты мұғалімнің іс-әрекетін қатаң айыптайды және Ислам дініне, құлшылыққа құрметсіздік деп есептейді.  Жаттықтырушы мұғалімнің әрекетін адамгершілікке жат қылық деп қатаң сынға алады.

Әлеуметтік желі арқылы таралып кеткен видеода көрсетілген мұғалімнің әрекеті педогогикалық тәжірибеге мүлдем сай келмейді. Ол намаз оқып жатқан оқушыларды балағаттап, жайнамаздарын теуіп, құлшылықтарына кедергі келтіріп, оларды бөлмеден қуып шыққан. Жаттықтырушы мұғалім осы іс-әрекеті арқылы Ислам дініне, құлшылыққа құрметсіздік танытып, өрескел қателік жіберді.  

Өз кезегінде Жамбыл облысы әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы бұл оқиғаға байланысты жауапты адамдардың жазаланатынын мәлімдеген болатын. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі де, жоғарыда аталған жаттықтырушы мұғалімнің сол бассыздық әрекеті үшін жауап беруін талап етеді.

Қазақ халқы қашан да намаз, жайнамаз сынды шариғаттың асыл құндылықтарын құрметтеп, қадірлеген. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтен  (с.ғ.с.) бір сахабасы: «Алланың ең жақсы көретін амалы қандай?» - деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Уақытында оқылған намаз», - деп жауап берген екен. Бұл оқиға намаздан асқан ғибадаттың және Алла алдында онан өзге ең жақсы көрілген амалдың жоқ екенін анық көрсетуде. Олай болса, намазды иманнан кейінгі ең маңызды ғибадатым деп білген әр адам үшін намазға деген құрмет бірінші тұруы керек.  Дініміздің тірегі саналатын намазға құрметсіздік – дінге деген құрметсіздік.

Жаратушы Иеміз барша адамзат баласына мейірім-шапағат, бейбіт өмір, ынтымақ, сабыр берсін!

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша

өкілдігінің Баспасөз қызметі 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: