Калифорния мұсылмандарға құрмет айын жариялады

Калифорния мұсылмандарға құрмет айын жариялады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Калифорния штатында орналасқан Американ-Каньон қаласының билігі 2018 жылдың тамызын «Хабардар болу және америкалық мұсылмандарға құрмет айы» деп жариялады. Тұңғыш рет қала жергілікті мұсылман қауымына осылайша құрмет көрсетті. Тіпті бұл қалада мешіттің болмауы да қала әкімшілігінің осы жерде өмір сүретін мұсылман үмбетіне көңіл аударуына кедергі келтірмеген.

«Мұсылман қауымы үшін бұл үлкен белгі, өйткені келімсектерге, әсіресе, мұсылман келімсектеріне қатысты көптеген жағымсыздықтар орын алып жатқан заманда келімсектерді бағалау қажет деп санаймын», - деп ағынан жарылған қалалық кеңестің мүшесі Мәриям Абудамус. Оның айтуынша, олардың бәрі де келімсектер, ал өзінің ата-анасы кезінде Таяу Шығыстан қоныс аударған екен.

Американ-Каньон қаласындағы мұсылман қауымының көшбасшысы Наджим Хан қала билігінің бастамасын қуана қарсы алған. «Меніңше, бұл керемет идея, басқа қалалар мен елдер де осылай жасауы керек деп ойлаймын», – деп өз ойын білдірді Хан.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: