Иорданияда қарапайым сириялықтар мәдени құндылықтарды қалпына келтіруді үйренуде

Иорданияда қарапайым сириялықтар мәдени құндылықтарды қалпына келтіруді үйренуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі кезде Хомса мен Алеппоның қарапайым адамдары – колледж студенттері, автокөлік сатушылары және үй шаруасындағы келіншектер Иорданияның солтүстігіндегі тастан қаланған зираттарды қалпына келтіру өнеріне үйрену үстінде. Дәл сол жерде Сирияны қалпына келтіру басталмақшы.  Қалпына келтіру жобасы өткен жылдың қазан айында 30 тағылымгердің қатысуымен іске қосылған болатын. Қазіргі таңда топтағы адамдардың саны 45-ке артқан, соның алтауы иорданиялықтар. Курстағы ерлер мен қыз-келіншектердің саны бірдей, яғни мұндай жұмысқа жұмылдыратын дәстүрлі гендерлік алшақтық бұзылған.

Сирияда Әлемдік мұра нысандар тізімі ЮНЕСКО қарамағына кіретін 6 нысана бар. Олардың әрқайсысына айтарлықтай нұқсан келтірілген, бірқатар жерлері Алеппоға қарағанда қатты бұзылған. ЮНЕСКО мәліметіне сай, Көне Қаланың 60% соғыстан зардап шексе, ал 30% толықтай жойылған.

Келешекте Дүниежүзілік жәдігерлер қоры өз бағдарламасын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бірінші жылы Британ кеңесінің мәдени мұраларды қорғау қоры аталмыш курсті 700 мың доллармен қаржыландырылған. Сонымен қатар, Дүниежүзілік жәдігерлер қоры аталмыш бағдарламаны тағы да 2 жылға ұзартуды жоспарлап отыр, осылайша, Сирияны қалпына келтіруге дайын болатын 100-ден астам тас қалаушыларды үйретіп шығармақшы.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: