Бугульмада мешіттің іргетасы қаланды

Бугульмада мешіттің іргетасы қаланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бугульма қаласында жаңадан салынатын мешіт іргетасының қалануына арналған салтанатты рәсім болып өтті. Салтанатты шараға Бугульма ауданының басшысы, қала әкімі Линар Закиров, мүфтидің бірінші орынбасары  Рүстем хазірет Валиулин, Татарстанның оңтүстік-шығыс қазысы Марат хазірет Марданшин, Бугульманың және Бугульма ауданының имам-мұхтасибі Рамиль хазірет Хуснутдинов, имам-мұхтасибтер, қала, республика мешіттерінің имамдары және қала тұрғындары қатысты. Салтанатты рәсім дәстүрлі түрде Құран сүрелерін оқудан басталды.   

«Аудандағы 15 мешіттің, қала бойыншы 6-шы мешіттің іргетасының қалануы мұсылмандар үшін үлкен оқиға. Бугульма – әртүрлі дін өкілдері тұратын көп ұлтты қала болғандықтан, барлық дәстүрлі дінде өкілдерімен тізе қосып іс жасаймыз және христиан әрі мұсылман өкілдерінің игі бастамаларына қолдау көрсетіп отырамыз», - деп атап өтті құттықтау сөзінде Бугульма қаласының басшысы.

Қазы Марат хазіреттің айтқан тәкбірімен жаңа мешіттің бірінші тасы қаланды. Шара дұға жасаумен аяқталды.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: