Мекке қажыларды қабылдауға толықтай дайын

Мекке қажыларды қабылдауға толықтай дайын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті мешіт орналасқан Мекке әлемнің түкпір-түкпірінен 19 тамызда басталатын қажылық парызын өтеуге келген қажыларға лық толды. САК төлқұжат бақылау қызметінің мәліметіне сай, жексенбі күні Сауд Арабияға 1,4 млн. астам қажылар келіп жеткен екен.  Жалпы алғанда, 1 301 912 қажылар корольдікке әуе жолдарымен келсе, 75 106 адам  – жер көліктерімен, 15 721 мұсылман – су жолы көлігімен жеткен.

Мекке әмірінің орынбасары ханзада Абдулла бин Бандар, өткен дүйсенбіде қажыларды қабыл алуға қасиетті орындардың толықтай дайындығы жөнінде қажылық мәжілісін өткізді. Меккеде тазалаушы болып жұмыс істейтін 7 386 адамға және 5 987 аула сыпырушының үстіне тағы да 13 мың техниктерді, кіші әкімшілік және медициналық қызметкерлері жұмылдырылған. Олардың қол астында алаңдарды тазалайтын 717 бірлік техника болады, - деп жазған Ансар.ру ресурсы.

Екі қасиетті мешіттердің ісін басқару жөніндегі Президент шейх Адуррахман Әл-Судайс Әл-Харам мешіті мен оның маңын қажыларды қабыл алуға қаншалықты  дайын екендігін тексеріп шыққан. Қажылық пен умра істері жөніндегі министрлік француз, ағылшын, орыс, парсы және қытай тілдерінде қажылық туралы ақпарат кампаниясын ұйымдастырды.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: