ТР МДБ жаңа үлгідегі Құран Кәрімді басып шығарды

ТР МДБ жаңа үлгідегі Құран Кәрімді басып шығарды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Татарстан астанасы Қазанда орналасқан Татарстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Хузур» Баспа үйінде шағын үлгідегі ерекше Құран жарық көрді.

Аталмыш басылым Татарстан Республикасының мүфтиі Камил хазірет Самигуллиннің басшылығымен арнайы құрылған ғылыми комиссия жұмысының нәтижесінде әзірленген.

Комиссия құрамына Құран хафиздері мен Құран тану саласының мамандары кірді, соның ішінде, Мысырдан келген шариғат ғылымдарының маманы шейх Хасан Хадия мен Түркияның танымал ғалымы Таяр Алтынкулач бар.

Басылымның ерекшелігі параны хизбаға бөлуде, яғни параның ширек бөлігіне бөлу.  Сонымен қатар, аталмыш мұсхафтың Сирия Республикасының «Уакып» министрлігінің халықаралық стандартына сәйкестік куәлігі бар.

Сондай-ақ, бұл мұсхаф белгілер саны бойынша Осман халиф бекіткен «Расм Усмания» стандартына сәйкес келеді.

Айта кететін жайт, Құранның дизайні көрнекті татар ағартушысы әрі дін маманы Галимджан Барудидің мұсхафынан алынған.

Әлемдегі тұңғыш Құранның Қазан қаласында басылып шыққаны белгілі. ТР МДБ Құранды зерттеу қызметі Құранды басып шығару дәстүрін жалғастыруда.  

2013 жылы Камил хазірет Самигуллин мүфтидің шешімімен Құранды зерттеу бөлімі құрылған болатын. Ал 2017 жылы ТР МДБ басып шығарған Құранның жаңартылған нұсқасы Сирияның «Уакып» министрлігіне қарасты Қасиетті Құран істері бойынша Жоғары комиссияның тексеруінен өтті. Нәтижесінде Қазан қаласында әзірленіп, басылып шыққан Қасиетті Құран халықаралық стандарттарға сәйкестік Куәлігін алды.

Аталмыш Куәлікте көрсетілгендей, ТР МДБ басылымы «Расм Усмани» көне тізіміне сәйкес, яғни, әріптер мен сөздер саны қабылданған ережеге сай.

Сондай-ақ, ТР МДБ басып шығарған Құранның жаңа басылымы оны оқуға, мәтінді жаттауға әрі дұрыс айтуға қолайлы деп табылған, бұл араб тілін меңгермеген оқырмандар үшін аса маңызды.

Басылым мәтінінде қолданылған барлық белгілер мақұлданған. Сонымен қатар, Татарстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасының мамандары Құранды татар және орыс тілдеріне аудару жұмысын жүргізуде.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: