Суытылған суды 100 күн бойы сақтаған

Суытылған суды 100 күн бойы сақтаған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Массачусетс штатының астанасы Бостон қаласында орналасқан жалпы бейіндегі ауруханада төмен температурада сұйықтықты сақтаудың жаңа тәсілі ойлап табылды. Су ноль градус Цельсий температурадан төмен болғанда қатады. Алайда сұйықтықты салқындату тәсілі қымбат құрал-жабдықты талап етеді әрі қысқа уақытта әрекет етеді.

«Қатты суыту» деп атаған біздің тәсіліміз суға қосылмайтын сұйықтықтың бетін ерітінді арқылы аудан ажыратып алудан тұрады. Таңғаларлық бұл қарапайым тәсіл бұрын мүмкін болмай келген көптеген тәжірибелерді жүзеге асыруға көмектеседі», - деп түсіндірді экспериментке қатысушы Берк Уста.

Ерітінді ретінде әртүрлі майлар қолданылған. Көмірсутек негізінде майды қолдануда минус 13 градус Цельсий температурада су өзінің сұйық қалпын сақтап қалған. Күрделі майлармен жасалған тәжірибеде -20 градуске дейін су сұйық болған. Ғалымдардың айтуынша, жаңа технология -13 градус Цельсий температурада 100 миллилитр эритроцит суспензиясын 100 күн бойы сақтауға мүмкіндік берген. Келешекте сұйықтықтың мөлшерін 500 миллилитрге дейін жеткізу көзделіп отыр.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: