Бас мүфти елшімен қажылыққа қатысты жұмыстарды пысықтады

Бас мүфти елшімен қажылыққа қатысты жұмыстарды пысықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш Әл-Энази мырзамен кездесті.

Кездесуде Бас мүфти мен елші биылғы қажылық маусымына қатысты жұмыстар жайлы сұхбаттасты.

Өз кезегінде ҚМДБ Төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы Захир бен Мутиш Әл-Энази мырзаға елшілік тарапынан жасалып жатқан жұмыстар үшін арнайы алғысын білдірді.

Ресми басқосуда Қазақстан қажыларының денсаулығын қадағалау, жол жүру қауіпсіздігін күшейту, қасиетті сапар кезінде қажетті шараларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Елші мырза мүфтияттың ұлық сапар кезінде атқаратын ауқымды жұмысына сәттілік тіледі.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: