Татарстан соты ислам классикасын экстремистік деп танудан бас тартты

Татарстан соты ислам классикасын экстремистік деп танудан бас тартты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Лаишев аудандық соты дүние жүзінде ислам дін мамандарының классикасы саналатын мұсылман діни қайраткерлерінің екі шығармасын экстремистік деп тану жөніндегі материалдар бойынша Приволжск транспорт прокуратурасының берген қуынымын қанағаттандырмай тастады. 

Қорғаушы Руслан Нагиев пен баспагер Асланбек Эжаевке сілтеме жасай отырып, KazanFirst порталы мәлімдегендей, осыдан бір жыл бұрын Стамбулдан Қазан қаласының әуе жайына келген Ресей азаматынан Бұхаридің «Сахих» және имам Науауидің «Тақуалар бағы»  хадистер жинағы алынған болатын. Кедендік қызметтің жүргізген сараптамалық зерттеуі бойынша аталмыш әдебиеттер экстремистік болып танылған.

Алайда заңгердің айрықша баса айтуынша, мұндай сараптама жеткіліксіз.

«Дін танушы мамандар мен лингвистер бірігіп жүргізетін кешенді сараптама болуы тиіс. Шығарылған қорытынды сенімді болуы керек. Сол себепті де Лаишев аудандық сотының төрағасы Магнави Гараев прокуратура тарапын тыңдап алып, әдебиетті экстремистік емес деп танып, әділетті түрде шешім шығарды», - деп ресурс Нагиевтің дәйексөзін келтірген.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын ислам дін мамандарының классикалық шығармаларын қорғау барысында ТР мүфтиі Камил хазірет Самигуллин де өз лебізін білдірген болатын.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: