Нигерия президенті 300 христианды қорғаған имамды марапаттады

Нигерия президенті 300 христианды қорғаған имамды марапаттады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Нигерия президенті Мұхаммад Бұхари фулани бақташыларынан үш жүзге жуық христиандарды қорғап қалған 83 жасар имам Әлхаджи Абдулла Әбубаны марапаттады.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусым күні Плато штатына қарасты Нгар ауылында мал өсірумен күнелтетін халық-фулани христиандарға жаппай шабуыл жасаған. Сол күні экстремистер 15 шақты ауылға баса көктеп кірген.

Үрейлері ұшқан христиандар келіп имамнан көмек көрсетуін сұрағанда, ол әйелдер мен балаларды үйіне жасырып, ал еркектерді мешітке жасырған екен.

Ал фуландар имамға келгенде, ол жерге құлай кетіп, Аллаға жалынып, көмек сұрай кетеді. Бұл көріністен бірден естерін жиып алған қылмыскерлер мұсылман дін қызметкерінің үйінен кеткенді жөн көреді. Осылайша, имам үш жүздей адамның жанын аман сақтап қалуға себепші болған.  

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: