Мысыр патриархы уақытын зая кетірмес үшін Facebook желісінен шығып кетті

Мысыр патриархы уақытын зая кетірмес үшін Facebook желісінен шығып кетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мысырдың коптская шіркеуінің  патриархы Тавадрос Екінші «уақытымды зая кетіремін деп, өмірімді өткізіп алармын» деген желеумен Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің аккаунтын өшіріп тастады.

Естеріңізге сала кетсек, коптская шіркеуі монахтарының ауқымды түрде әлеуметтік желілерден бас тартуы бірнеше апта бұрын ғана белгілі болған. Коптская шіркеуі өкілдерінің айтуы бойынша, әлеуметтік желілер монах-әйелдердің қағидаларына қайшы келеді екен.

Айта кету керек, Тавадрос Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтын коптская шіркеуін басқармай тұрып, 2009 жылы құрғаны белгілі болған. Дін басы өз парақшасына  еш жазба қалдырмаған.  

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: