Ниццада баланың келеңсіз әзілінен екі ұшақ эвакуацияланған

Ниццада баланың келеңсіз әзілінен екі ұшақ эвакуацияланған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Францияның Ницца қаласында 12 жасар баланың орынсыз әзілінің кесірінен екі ұшақты эвакуациялауға тура келген.  

Nice-Matin баспасының мәлімдеуінше, Рим қаласына ұшқалы тұрған ұшақ жолаушыларының ұялы телефондарына екі хабарлама келіп түскен, бірінші хабарламада ұшаққа бомба салынғаны айтылса, екінші хабарламада – «Әжетханаға қарай барыңдар, келіссөз жүргізетін боламыз» деген нұсқау келіп түскен.

Нәтижесінде, Ницца халықаралық әуежайының  қауіпсіздік қызметі Италия астанасы Римге ұшқалы тұрған екі ұшақтың жолаушыларын эвакуациялайды.

Жалпы алғанда, 158 адам эвакуацияланған. Құқық қорғау органының қызметкерлері ұшақтарды тексеру барысында ешбір күдікті нәрсе таппаған.

Кейін бұл хабарламаларды 12 жасар Әли есімді кувейттік ұлдың әуежайдан  Bluetooth арқылы жібергендігі белгілі болған екен. Жасөспірім өзінің қолымен жасаған ісін мойындап, тек қана осылай әзілдегісі келгенін айтып беріпті. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: