Шу ауданында имам-молдалардың кезекті жиналысы өтті

Шу ауданында имам-молдалардың кезекті жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық Төле би орталық мешітінде ауданның бас имамы Аят қажы Дыбысұлы ауыл молдаларымен бас қосып, жиналыс өткізді. Жиналыс барысында бір қатар мәселелер талқыланды.                       

Күн тәртібінде ауыл имам-молдалар жарты жыл ішінде атқарған іс-шаралары бойынша есеп берді. Аудан имамы Аят Дыбысұлы ауыл молдаларының есебін тыңдап, атқарған жұмыстарына баға беріп, күрделі жұмыстарды өз деңгейінде атқарған молдаларға алғысын айтты. Жиын барысында  бас имам мешіт құжаттарын реттеу жайын айтып, жеке тұлғаға тіркеліп тұрған мешіттерді ҚМДБ-ның атына ауыстыру жұмыстарын пысықтауларын тапсырды. «Ислам өркениеті» газеті мен «Иман» журналына жазылу мәселесін де атап өтті.

Сонымен қатар мешіт жадындағы оқу ағарту саласын жандандырып, мешіт шәкірттерінің білімін арттыру мақсатында ұл-қыздарды екі топқа бөліп оқытып, Құран жарыстарын ұйымдастыру керектігін сөзге тиек етті. Сондай-ақ, «Нұр Мүбарак» университеті мен «Һибатулла Тарази» медреселеріне шәкірттер дайындау сияқты т.б маңызды мәселелер де назардан тыс қалмады.

Жиын барысында ауыл молдаларына өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқаруға, мешіт тазалығын сақтауды, берілген тапсырмаларды өз деңгейінде орындап, мешіттің басқа да жұмыстарына аса көңіл бөлулерін тапсырды.

Жиын соңында Шу аудандық «Төле би» мешітіне қарасты ауылдық имам-молдаларға өкілдік «Һибатулла Тарази» мешітінен келіп түскен  «Зайырлы ел - Қайырлы ел» атты кітаптар таратылды.

                                                            Шу аудандық «Төле Би» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: